19 Мамыр, 2022 NEWS
Фото: then24.com
Мариупольдегі "Азовсталь" зауытынан украиналық сарбаздарды эвакуациялау жалғасып жатыр. Ресей БАҚ өкілдерінің мәліметі бойынша, 16 мамырдан бері "Азовсталь" зауытынан 959 украиналық сарбаз шығарылған.
"Украина сарбаздарының жартысынан көбі зауыттан ақ жалау көтеріп шықты" деп пікір білдірді сепаратистік Донецк Халық Республикасының басшысы Денис Пушилин.
Ресей қорғаныс министрлігі Новоазовск елді мекеніндегі ауруханаға жеткізілген жаралы жауынгерлерді көрсетті. Зауыттан шыққан әскерилердің 80-і жаралы. Жаралы әскерлер ДХР аумағындағы Новоазовск ауруханасына жеткізілген.
Украинадағы соғыс басталғалы кескілескен ұрыстар жүрген Мариуполь қаласы Ресей әскерінің бақылауына өткенімен, "Азовсталь" зауытындағы украиндық жауынгерлер әлі күнге дейін берілмей отыр. Украина басшылығы секілді олар да "Азовстальден" жаралы жауынгерлерді эвакуациялауға мүмкіндік беруге шақырған. Ресей олар беріліп, тұтқынға түсуге тиіс деген талап қойған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір