"Найзағай мен ыстық". Қазгидромет алдағы күндердің болжамын жарииялады

/image/2022/06/24/crop-8_70_709x1261_image.jpg
Қазгидромет 25-27 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс циклонының терең жырасы және онымен байланысты фронтальді бұлтты алқаптар өзімен бірге қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, қатты жел мен бұршақ ала келеді.

 

"Тек еліміздің батыс және солтүстік-батыс өңірлері ғана скандинавиялық антициклон жотасының әсерін сезінеді. Солайша бұлттардың саны азайып, жаңбыр тоқтайды. Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі" делінген ақпараттық хабарламада.

 

Ауа температурасының негізгі аясы күндіз батыста +25+35°С, солтүстікте +25+33°С, орталықта +30+37°С, шығыста +27+37°С, оңтүстікте +40+45°С болады деп болжанып отыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар