Кәсіпкер Қайрат Боранбаевты қамау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады.
"2022 жылғы 8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қ.С. Боранбаевқа қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты" делінген сот хабарламасында.
Қайрат Боранбаев наурыз айынан бері қамауда отыр. Ол квазимемлекеттік сектордан аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілінген.
Қайрат Боранбаев елдегі ең бай адамдардың қатарына кіреді. Ол "Қайрат" ФК бақылау кеңесінің төрағасы. Алматыдағы Esentai Mall, Esentai Tower, "Алмалы" сауда ойын-сауық кешендері, "Рахат Палас" қонақүйі иелерінің бірі. McDonald’s Қазақстан, Ресей франчайзингінің басшысы.
Пікір қалдыру