21 Шілде, 2022 NEWS
Қайрат, Мұрат Боранбаевтар
Кәсіпкер Мұрат Боранбаевке іздеу жарияланды. Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика порталында жарияланды.
Мұрат Советавич Боранбаев наурыз айынан бері квазимемлекеттік сектордан аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен қамауда отырған белгілі кәсіпкер Қайрат Советавич Боранбаевтің інісі.
Мұрат Боранбаев 2017 жылы AlanParking ЖШС-нің жетекшісі болған. Бұған дейін Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев қамауға алынған. Ол бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген. Алматыдағы ақылы автотұрақтар 2016 жылы енгізілген. Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, бүгінде 11 мың ақылы орын бар. Шілдеде Алматы әкімі Ерболат Досаев AlanParking ақылы автотұрақтары қала меншігіне өтетінін мәлімдеген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір