06 Мамыр, 2022 NEWS
"Көк шөшүрә (бидә) мәйрими" жасыл тұшпара мерекесі
5 мамыр күні Алматы қаласы ұйғыр мәдени орталығының Аналар кеңесі "Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт" жобасы бойынша Жол картасын жүзеге асыру аясында отбасы институтын қолдау және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау бойынша жобаларды жүзеге асыру мақсатында "Көк шөшүрә (бидә) мәйрими" жасыл тұшпара мерекесін ұйымдастырды. Бұл туралы Алматы қаласы "Қоғамдық келісім" мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.
Беде тұшпарасы – жыл сайын көктемде дайындалатын дәстүрлі ұйғыр тағамы. Айта кету керек, бұл тағамның ағзаға пайдалы қасиеттері бар және оны дайындау ұйғыр халқы үшін бүкіл мереке.
– Кез келген халықтың салт-дәстүрлері сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуі тиіс, өйткені бұл ең алдымен біздің ата-бабаларымыздан мұра еткен тарихымыз бен мәдениетіміз. Бүгінгі мерекеде біз дәстүрлі тағамдарымыздың ерекшеліктерін көрсетуге және қымбатты қонақтарымызға дәм татуға тырыстық, – деді іс-шараны ұйымдастырушы Алматы қаласы ұйғыр этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы Абабахриева Роза Исмаилқызы.
Мерекеге Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы – Балғымбаев Назар Албанұлы, "Қоғамдық келісім" КММ директорының орынбасары Г.УОР белсенді қатысты. Бұдан бөлек Қазақстан халқы Ассамблеясының қалалық Аналар кеңесінің мүшелері, соның ішінде түрік этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесінің төрағалары Хусеинова Зульфия Шахмуратовна, Қырым татар этномәдени бірлестігінен Султанова Ремзие Зейнидиновна, күрд этномәдени бірлестігінің өкілі Мирзоева Медина Князевна, дүнген этномәдени бірлестігінен Абубекерова Зульфия Хакимовна және Фатима Маликқызы өз мүшелерімен бірге келді. Оосылайша, отбасы институтын нығайтуға және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтауға өз үлестерін қосты.
Өз кезегінде Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесінің төрайымы Исраилова Махинур Вильямовна, оның басшылығымен аналар Кеңесінің барлық іс-шаралары өткізіледі.
Аналар кеңесінің басты мақсаты – бірінші кезекте отбасылық құндылықтарды нығайту, жас ұрпақты тәрбиелеу және ұлтаралық келісім мен толеранттылықты дамыту. Бүгінгі іс-шара соның жарқын мысалы.
Іс-шара барысында "Көк чөшүрә (бидә) мәйріми" карнай мен сурнайдың жарқын қойылымынан, би қойылымдарынан және ұйғырлардың дәстүрлі жасыл тұшпараларын дайындау туралы презентациялар көрсетіліп, қатысушылардың жылы тілектері айтылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір