• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 10:54:26
Алматы
+7°

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысының әкімі лауазымынан босатылып, оның орнына премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов тағайындалды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды" делінген Ақорда хабарламасында.

Облыс әкімі лауазымына екі кандидат ұсынылған. Бірі Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров, екіншісі премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов. Облыстық мәслихат депутаттарының 65 пайызы (104 депутат) Тоғжановқа дауыс берсе, 35 пайызы (56 депутат) Шахаров кандидатурасын қолдаған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: кадрлық өзгеріс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір