Депутаттар 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауды ұсынды.
Норма бүгін, 7 қыркүйекте Мәжіліс отырысында қаралатын "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген.
Депутаттар президент тапсырмасы бойынша "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға мынадай бірқатар түзету енгізді. 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылады.
Бұдан бөлек, депутаттар 25 қазанды қайтадан мемлекеттік мереке етіп, Республика күні ретінде белгілеуді ұсынып отыр.
Пікір қалдыру