Қайрат Сатыбалды түрмеде 5 жыл 3 ай отыратын болды

/image/2022/09/26/crop-11_4_349x621_crop-9_1_361x642_999.jpg

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайрат Сатыбалды кәнәсін мойындап, келтірілген залалды мемлекетке қайтару арқылы анағұрлым "жұмсақ" сот үкіміне – соттау мерзімін жартысын дейін қысқартуға қол жеткізген.

Сот шешіміне сай, оның дүние-мүлкі тәркіленіп, 10 жылға мемлекеттік құрылымда қызмет етуге тыйым салынды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.

Ұлттық қауіпсіздік органының генерал-майор шенінен, "Құрмет", "Парасат" орденьдерінен айырылады.

2022 жылғы 13 наурыздан сот үкімі шыққанға дейінгі қамауда отырған мерзімнің әр күні жаза өтеудің бір жарым күніне теңестіріледі. Демек Сатыбалды өзіне кесілген 6 жылдың 9 айып өтеп тастады деген сөз.

Қайрат Сатыбалды 13 наурыз күні қамауға алынған. Ол "Қазақтелеком" АҚ-тың қаржысын жымқырды деп айыпталған.

Онымен бірге сотталушылардың басым көпшілігіне қаржы жымқырды, алдау жолымен залал келтірді, сенімге кіріп, оны өз пайдасына пайдаланған деген айып тағылды.

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар