• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

11 Қазан, 07:45:07
+8°

Ресей АҚШ-қа "Гром" стратегиялық ядролық күштер жаттығуы басталғанын ресми түрде хабардар етті деп жазады svoboda.org басылымы. Пентагон мен АҚШ мемлекеттік департамент өкілдерінің хабарлауынша, Әскери жаттығу кезінде ядролық оқтұмсық тасуға қауқарлы баллистикалық зымырандар сыналады. 

Мұндай әскери жаттығулар жылда өткізілгенімен, Украина мен Ресей соғысы өтіп жатқандықтан оған биыл ерекше назар аударылып отыр. 

"Ресей оқу-жаттығу туралы хабарлау арқылы қару-жарақты бақылау жөніндегі міндеттемелерін орындап отыр", деді Пентагон өкілі Патрик Райдер.

"Мұндай ескерту жаттығуды бұрыс бағалаудан сақтайды" деп есептейді АҚШ мемлекеттік департамент өкілі Нед Прайс.

Мұндай әскери жаттығулар бұған дейін Ресей Украинаға басып кірерден бірнеше күн бұрын ұйымдастырылған. Алайда сол кезде жаттығудың өтетіні хабарланбады. АҚШ өкілдері Ресей жағының жаттығу туралы ескертуін бір апта бойы күткен. 

Қазан айының басында НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейде өтетін әскери жаттығуларды жіті бақылайтынын хабарлаған еді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір