28 Қараша, 2022 NEWS
Фото: nur.kz
Қазгидромет 29 қараша 1 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің мәліметінше, 29-30 қарашада елдің шығыс аймақтары солтүстік антициклонның ықпалында болып, аяз күшейеді. Өзге өңірлерде де күн суытады.
30 қараша – 1 желтоқсанда республиканың басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болып, жауын-шашын, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейіп, тұман, көктайғақ, солтүстікте, шығыста, орталықта бұрқасын болады.
Батыста 5-15 градус, солтүстік-батыста 10-28 градус, солтүстік облыстарда 15-25 градус аяз болады. Орталықта 15-25 градус нөлден төмен. Елдің шығысында кезеңнің басында ауа температурасы 33-43 градусқа дейін төмендеп, кезеңнің соңында сынап бағаны 20-30 аязды көрсетеді деп күтіліп отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір