Түркияда зілзаладан қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты, деп жазады Анадолы агенттігі.
Төтенше жағдайлар мен апаттар жөніндегі басқарма жер сілкінісінен 12 391 адам қаза тауып, 62 914 адам жарақат алғанын хабарлады. Далада қалған халықты орналастыру үшін шатырлар тігілген.
AFAD дерегіне сәйкес, 6 ақпан күні Түркияның Кахраманмараш-Пазарджик ауданында қуаты 7,7 баллды, Эльбистанда 7,6 баллды құраған екі зілзала болып, дүмпу елдің 10 провинциясында, көршілес Сирияда сезілген.
Кеше жер сілкінісі тағы қайталанған. Оның магнитудасы 5,4 балға жеткен.
Үйінділерді аршу тәулік бойы жүріп жатыр. Кеше Түркияның Қазақстандағы елшісі жер сілкінісінен кейін 4 қазақстандықтың жоғалып кеткенін мәлімдеген. Оның бірі – Сабира Мамадиярова үйінді астынан аман табылды. Өзгелері әлі іздестіріліп жатыр.
Пікір қалдыру