Фото: Ашық дереккөз
Қарағандыда Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды, деп жазады Вечерная Караганда басылымы.
Аудан әкімі орынбасарының ұсталғаны туралы ақпаратты Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің басшысы Мұрат Түлеубаев растаған.
Әкім орынбасарымен қатар әкімдіктегі басқармалардың бірінің басшысы да ұсталған.
"Факт болды. Мен бұл деректі растаймын. Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің орынбасары мен бөлім басшысы ұсталды. Соңғысы делдал болған. Олар тікелей өз міндеттеріне кіретін функцияларды орындағаны үшін кәсіпкерден 500 мың теңге алған. Қазір осыған қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол әлі аяқталған жоқ. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру мәліметін таратуға құқығымыз жоқ", - деді Мұрат Түлеубаев.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір