Саясаткер, журналист, "Дат" газетінің жетекшісі Ермұрат Бапи мажоритарлық тәртіп бойынша мәжіліс сайлауына кандидат куәлігін алды.
Кандидат сайлауға Алматы қаласынан түскелі отыр.
Ермұрат Бапи 1959 жылы 7 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген.
1985 жылы ҚазМУ-ді бітірген. Еңбек жолын 1976 жылы Зайсан ауданы "Достық" газетінде тілші болып бастаған.
Университетті бітіргеннен кейін "Коммунизм туы" газетінде тілші, аға тілші, бөлім меңгерушісі, "Социалистік Қазақстан" газетінде тілші, аға тілші, Қазақ радиосы бас директорының орынбасары, коммерциялық және тапсырыстық бағыттағы бағдарламалар редакциясының жетекшісі болған.
1995-1997 жылдары ҚР Премьер министрінің баспасөз қызметі жетекшісінің орынбасары, 1998-1999 жылдары "Реформа" орталығының консультанты қызметтерін атқарған.
Соңғы 25 жылға жуық уақытта оппозициялық газет шығарумен айналысады. Кәсіби қызметі үшін түрлі қылмыстық, талай мәрте әкімшілік істерге тартылып, жірналистік қызметпен шұғылдануына шектеу қойылған. Соның салдарынан басылым атауын бірнеше рет өзгертуге тура келіп, шектеуді айналып өтудің түрлі тәсілдерін тапқан.
Біршама уақыт оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға жетекшілік еткен.
Пікір қалдыру