Кәсіпкер, қоғам белсендісі, бұрынғы әскери қызметкер Дамир Аманжолов жобасына сұхбат берді. Аманжолов әскери мансабын тастауға не себеп болғанын айтып, жалақының аздығы да шешім шығаруға әсер еткенін айтты.
Оның айтуынша, әскерилерге төленетін жалақы сарбаздардың қажеттілігін өтей алмайды.
"Әскери орындарда тәртіпсіздік болатыны жалған емес. Әскери өмір кинода ғана әдемі, ал шындығында мүлде басқа. Әскери адамдар бәрін тастап кетуге қорқатынын мойындап, пікір қалдырса екен", – деді Дамир.
Ол өзі де алғашқыда әскери қызметті тастап кетуге қорыққанын жасырмады. Алайда айлықтың аздығы мен үздіксіз жұмыс, әскерилерден ақша жинай беру оны шаршатып жіберген.
Сондай–ақ, ол Болат Әбілов, Мұхтар Жәкішев және Арманжан Байтасовпен қарым–қатынасына да тоқталды. Қазақтілді мамандардың жетіспеушілігі мен әскердегі "дедовщина" жайлы да айтты.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube желісіндегі "Qamshyger" жобасынан көре аласыздар.
Пікір қалдыру