• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 09:07:04
Алматы
+12°

Шетелдік инвесторлар басшылығында бірде–бір әйел кездеспейтін компанияларға ақша салғысы келмейді, деп хабарлады "Самұрық–Қазына" Ұлттық әл–ауқат қоры АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов. Ол бұл жайлы компаниялар мен ұйымдардың басқарушы органдарында әйелдер үлесін арттыруға бағытталған "Гендерлік теңдік" бағдарламасында мәлім етті.

"Қазіргі қоғамда компаниялар гендерлік теңдік принципіне мән бермесе, осы мақсатта іс–әрекет жасамаса, инвесторлар мен клиенттердің қызығушылығын жоғалтады. Сондықтан бұл компания тұрақтылығын сақтау үшін маңызды мәселелердің бірі", – деді Нұрлан Жақыпов

Еске сала кетейік, 2022 жылғы көрсеткіш бойынша елімізде басшылық қызметтегі әйелдер саны 30% ға жетпейді. Ал Қазақстандағы гендерлік статистикаға сәйкес әйелдер мен ерлердің арасындағы жалақы алшақтығы 25% құрайды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: гендерлік теңдік

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір