15 Мамыр, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматыда 65 мыңнан астам бала тегін секциямен және үйірмемен қамтылды. Бұл туралы әлеуметтік желіде damubala.kz порталын әзірлеуші QazTiqet компаниясы хабарлады.
Алматы әкімдігі 2023 жылы жан басына шаққандағы қаржыландыру бағдарламасын іске асыру үшін 65 739 ваучерге есептелген 16,2 млрд теңге бөлді, оның 30 495 - спорт секцияларына, 35 244 - шығармашылық үйірмелерге арналған. Бұл елдегі қалалар мен облыстар арасында балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруына бөлінген бюджет қаржысының ең көп бөлігі. Мысалы, Астана қаласында 6,5 млрд теңге, Шымкент қаласында 5,7 млрд теңге, Қызылорда облысында 4,3 млрд теңге және т.б. бөлінді.
Ата-аналардың деректерін электрондық цифрлық қолтаңба ("Электрондық құжаттар және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 12) тармақшасы) арқылы растауға, сонымен қатар, мемлекеттік дерекқорлармен интеграциялауға байланысты DamuBala жаңа платформасына көшу кезінде 22 781 орын босады.
Осылайша, өткен жылдан бері белсенді ваучерлер саны 42 958, босаған ваучерлер саны 22 781, берілетін ваучерлердің жалпы саны 65 739 жетті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №120 және 122 бұйрығымен бекітілген балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, осы жылдың 3 және 10 мамырында босатылған 22 781 орынды бөлу мақсатында балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық DamuВala онлайн платформасына кезекке тіркеу аяқталды. Соның нәтижесінде 55 889 өтінімнің кезегі түзілді, қазірдің өзінде белсенді 42 958 ваучер бар.
12 мамырда 22 781 тегін ваучер беру рәсімі басталды. "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 14-4) тармақшасына және "Дене шынықтыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 20-7) тармақшасына сәйкес, ваучерлер бекітілген қаржыландыру көлемі шегінде беріледі.
Ваучер берілген соң кезектегі үміткерлердің саны 33 108 болатындықтан, бұл Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №120 және 122 бұйрығымен бекітілген балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларының 3-тармағының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, 13 мамыр күні, сағат 00:00-де бюджетте көзделген қаражат көлемінен едәуір асып түседі, DamuBala онлайн платформасында кезекке қою аяқталды.
Алдағы уақытта кезекте тұрғандар арасында шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларына орын бөлу орын босаған сайын жалғасады. Бұл туралы уақытылы хабарланады.
Анықтама үшін ақпарат:
Мына себептерге байланысты орындар босатылады: басқа қалаға көшу, баланы үйірмеден немесе секциядан шығару, ваучерден бас тарту, баланың ауыруына байланысты қатыспауы және т.б.
Айта кетейік, ваучерді алған ата-аналар ол іске қосылғанша балалары секцияға немесе үйірмеге 10 күн ішінде екі рет тегін баруға құқылы. Бұл ереже Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №122 және 2022 жылғы 27 сәуірдегі №120 бұйрығымен бекітілген. Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес, осы 10 күн ішінде үйірме басшыларымен қызмет көрсету туралы шартқа қол қойып, ваучерді іске қосу үшін құжаттарды толық ұсынуыңыз қажет. Оған мына құжаттар жатады:
1) еркін үлгіде спорт секциясына/шығармашылық үйірмеге қабылдануға өтініш;
2) баланың суреті;
3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
4) 027/у үлгідегі медициналық анықтама;
5) баланың заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір