Қазақстанда 11 жасқа толмаған алты бала қаржы пирамидасына кіріп кеткен

/image/2023/06/06/crop-80_62_591x1050_wjogsseu.jpeg

Қазақстанда қаржы пирамидасының құрбандарының жалпы саны үш есеге артты. Олардың арасында 11 жасқа толмаған алты бала да бар.

"Ағымдағы жылдың қаңтар–сәуір айларында 382 адам қаржылық пирамидалардың құрбаны болды. Бұл бір жыл бұрынғы статистикадан 3,3 есеге көп. Олардың ішінде 11 жасқа толмаған алты бала, 16–17 жас аралығындағы үш кәмелетке толмаған бала, 18 жастағы тоғыз адам бар ", – дейді сарапшылар.

Сонымен қатар, елімізде "Қаржы пирамидасын құру және басқару" бабы бойынша 4 айда 45 қылмыстық іс қозғалған. Ең көп қылмыстық құқық бұзушылық Алматы қаласында тіркелген. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы мен Астанада тұр. Абай, Қарағанды облыстары мен Шымкент қаласы да бұл қатардан қалыспайды.

Қаржы пиармидасын құрушылар құрбандарын интернет–ресурстар арқылы тарта бастаған. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, биылғы жылдың үш айында Қазақстанда қаржылық пирамида белгілері бар төрт мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталған.

Зардап шеккендердің 71,5 пайызы әйелдер, деп хабарлайды finprom.kz ақпараттық порталы. Сондай–ақ, төрт айда 11 зейнеткер мен үш студент қаржы пирамидаларының құрбаны болған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар