• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 14:26:09
Алматы
+7°

Президент Садыр Жапаров "Қырғызстан мемлекеттік тілі туралы" конституциялық заңға қол қойды. Жаңа заңға сәйкес орыс тілі ресми болып қала береді.

Биыл мамырда мақұлдаған заң бойынша, мұнан былай мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен мекемелерде қырғыз тілін қолдану міндетті саналады.

Қырғыз тілін білуге міндеттелген қызметкерлердің тізімі сайтқа жарияланды. 

Заңда тағы не қарастырылған:

  • бірлескен және шетелдік ұйымдардың атаулары қырғыз тіліндегі транслитерациямен ресімделеді;
  • телерадиокомпаниялар, оның ішінде жекеменшік компаниялар мемлекеттік тілдегі бағдарламалардың кемінде 60 пайызын жүргізуі тиіс;
  • орыс тілі ресми тіл ретінде қолданылады.

"Қырғызстан ел аумағында тұратын барлық этнос өкілдері тілдерін еркін пайдалану қағидатын ұстанады және осы тілдердің дамуына жағдай жасауға кепілдік береді. Әрбір азамат ана тілін сақтау, үйрену және дамыту үшін жағдай жасауға құқылы", - делінген құжатта.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір