28 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Іле-Алатау ұлттық паркі тауларда сел жүруі мүмкін екенін ескертіп, тауға шықпауды сұрады.
Бұл туралы парктің баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы қаласының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Найзағай кезінде батыс желдің екпіні 18-23 м/с болады.
Қатты жауын-шашынның түсуіне орай, қазіргі жағдайды ескере отырып, таулы жерлерде сел жүру қаупі бар.
"2023 жылғы 28 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 шілдеге дейін барлық бақылау-өткізу бекеттерінде (Алмарасан, Кімасар, Бутаковка, Аққайың, Ақсай, Қаскелең, Түрген, Есік, Маралсай, Қотырбұлақ), Алматы қаласы мен Алматы облысының тау бөктеріндегі автомобиль жолымен қауіпті аймақтарға жаяу және автокөліктер үшін жол жүру шектелген", – делінген хабарламада.
Парктің баспасөз қызметі сел тасқынына түскеннен кейін қашуға мүмкіндік жоқ екенін еске салды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір