• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қараша, 02:08:40
Алматы
+12°

04 Сәуір, 2024 Барлық аймақтар

Жерді бөлуге арналған конкурстарға талап күшейеді

2022-2024 жылдары барлығы 10,4 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Көрнекі сурет

Әлеуетті меншік иелеріне қойылатын топырақ сапасын, өсімдік жамылғысын сақтау, жайылымдардың тозуын болдырмау, ауыспалы егістерді сақтау және жерді ұтымды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша басқа да қарсы міндеттемелер қолданыстағы конкурстардағы талаптарда күшейтілетін болады.

Мұндай тапсырманы 2024 жылғы 3 сәуірде өткен пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді алып қою мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысының қорытындысында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин берді. 

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржановтың айтуынша, 2024 жылдың басынан бері ауыл шаруашылығы мақсатындағы 391,2 мың гектар, ал 2022-2024 жылдары барлығы 10,4 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның 3,7 млн ​​га жері жергілікті халыққа қайта бөлінді (жалпы мақсаттағы мал жаюға – 1,72 млн га, конкурстық негізде бөліп пайдалануға – 1,69 млн га).

«Айта кету керек, ауыл шаруашылығы жерлерінің 4,4 млн га немесе 2022 жылдан бастап ел бойынша қайтарылған барлық жердің 44%-ы бұрын 204 ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қолында болған», — деп хабарлады Мұрат Теміржанов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір