Көкшетауда ер адам өзін жарып жібермек болды

/uploads/thumbnail/20170709040403418_small.jpg

Көкшетауда салық комитеті ғимаратының алдында ер адам өзін жарып жібермек болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақмола облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 43 жастағы ер адам қоңырау шалып, салық комитеті қызметкерлерімен арада туындаған жанжалды шешуге көмек көрсетілмесе, өзін жарып жіберетіндігін айтқан.

Жедел іздестіру кезінде әкімшілік ғимарат маңынан жарылғыш заттар табылмаған.

Полицейлер күдіктіден жауап алу кезінде ол 200 мың теңгеден астам ірі көлемдегі айыппұлмен келіспегендіктен осы қадамға барғандығын айтқан. Тексеру кезінде анықталғандай, оның атына жеке кәсіпкерлік қызметіне патент тіркелген. Бірақ онда басқа адамдар жұмыс істегендіктен, күдікті ешқандай пайда көрмегендігін айтыпты. Ендігі жерде ашуға бой алдырып заңсыз әрекет жасағаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 1-бөлімінің 115-бабы бойынша күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Қатысты Мақалалар