Қыз анасымен сырлас болса, аборт жасатып, адаспас еді (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709040415293_small.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, жыл сайын 80 миллионға жуық әйел жоспарсыз жүкті болып, солардың 20 миллионы жасанды түсік жасатуға барады екен. Елімізді де бұл мәселе сырт айналып өтпеді. Қазақстан мемлекет болғалы өз Отанымызда 4 миллионнан астам аборт жасалған. Ол тек жай ғана аборт емес, ананың денсаулығы мен баланың өміріне балта шабу, - деп жазады Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Әлеуметтік тақырыптарды қылқаламына арқау еткен Аңсаған Мұстафаның жұмыстары бүгінде бірнеше тілге аударылып, әлеуметтік желілерде кең талқыланып жүр. Суретшінің ГРАФИКА "Мама, мені өлтірмеші!" атты жұмысын 2 мыңға жуық интернет қолданушы көшіріп басып, аборт тақырыбына қатысты пікір қалдырған екен. Арасында сөйлейтін суреттерден әсерленіп, жасанды түсіктен бас тартқан бойжеткендер де болған. Тіпті авторға алғысын айтып, баласының өмірін сақтап қалғаны үшін "кіндік шеше" етіп сайлағандары бар.

-Енді не істеймін аборт жасауға тура келеді-ау деп, 2 аптадай депресияға түсіп жаттым -дейді үйде. Қозғалмай, тамақты да ішпей, ештеңке көрмей. Жасанды түсік жасау керек деп шешім қабылдадым, сосын интернетке кіре салайыншы деп, фейсбукқа кіріп қалған кезде жаңағы сурет алдымнан шыға келді -дейді да, "Мама мені өлтіретін шығар" деген. Соны көрдім да, ішімдегі балапанымнан кешірім сұрап, жылап, сөйтіп ойымнан айнып оны дүниеге келтірдім -дейді. Бір алты айлық ходунокта отырған баланың фотосын салып жіберді маған, - дейді суретші Аңсаған Мұстафа.

Ал психолог Анна Мергенбаева ер жетіп, бойжетіп келе жатқан ұл-қыздармен ашық әңгімелесіп, интимді өмір заңдылықтарын бүкпей ата-анасы түсірдіру керек -дейді. Маман пікірінше, қыз анасымен сырлас болмаса, басына туған жағдайды іштей тынып, өзі жалғыз шешуге тырысады екен. Ал қадамын шалыс басып, адасқан қыздарымыздан жақындары кері айналмай, қолдау көрсетіп, ерімен табыстырып көргені абзал -дейді психолог.   

- Қатыгез ата-аналар сәл ойланса, мүмкін біз қазір әжетханаға баланы тастамайтын ба едік, біздің қыздар аборт жасамайтын ба еді, мүмкін сол жігіттер қашып кетпей шешесінен қорқып, келіп үйленетін бе еді. Ол жігіттердің де кей кезде шешелері қарсы болады ғой, ана қыздың беті жаман, мына қыздың руы жаман, болмайдышы, болмайды деп. Ал бірақ сол жігіттердің біреуі кейін наркоман болып кетеді, екіншісі маскүнем болып кетеді, суицид жасайды, - дегенді айтады психолог Анна Құдиярова.     

Суретші Аңсаған Мұстафаның соңғы еңбегінде анасының жүрегіне жармасып, оны құшақтап жатқан сәбидің суреті мен артынан төніп келе жатқан хирургиялық қысқыш бейнеленген. Медицинада оны баланың порша-поршасын шығарып, жатырдан оны бөлшектеп алып тастау үшін қолданады. Автор бұл еңбегі өзге суреттері сияқты көп ананың сана-сезімін оятар деген сенімде.

Қатысты Мақалалар