Twitter қолданушылары Ұлыбритания Премьер-министрін порножұлдызбен шатыстырып алды

/uploads/thumbnail/20170709040657764_small.jpg

Twitter желісінің бірнеше мың қолданушысы порножұлдыз Тереза Мэйді (Teresa May) (Teresa May) Ұлыбритания Консерваторлар партиясының жетекшісі Тереза Мэймен  (Theresa May),  шатыстырып, Біріккен Патшалық Премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтаған,- деп хабарлайды Qamshy.kz.

Желі қолданушылары өз құттықтауларында олардың аттарындағы аздаған айырмашылыққа назар аудармаған. Сөйтіп, премьер-министрдің орнына порножұлдызды құттықтаған.

Толассыз құттықтаулардан соң порноактриса аккаунтының сипаттамасын өзгертуге мәжбүр болған.

Осы «құттықтаулардың» арқасында  порножұлдыз аккаунтына жаңадан 11 мың қолданушы жазылып үлгерген.  

Естеріңізге салсақ, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы туралы референдумнан соң бұрынғы Премьер-министр Дэвид Кэмерон отставкаға кетіп, ІІ Елизавета патшайым премьерлікке бұрын ішкі істер министрі болған Тереза Мэйді тағайындаған болатын.

Қатысты Мақалалар