Еліміздегі ең ірі құрылыс корпорациясының бірі - «МАК-тың» жұмысшылары бас көтерді. Алматыда зәулім үйлер салып жатқандар екі айдан бері айлық алмаған. Сондықтан бүгін құрылысшылар жұмысқа шықпай, маңдар тер ақыларын талап етті. Айтуларынша, басшылар жыл басынан бері жалақыны жырымдап беріп келген. Ал соңғы уақытта мүлде көк тиынсыз қалдырыпты.
Екі айдан бері көк тиын көрмеген бұл азаматтар бүгін жұмысқа шыққан жоқ. Өйткені Алматыда зәулім үй салып жатқан «МАГ» корпорациясынан маңдай тер ақыларын даулап жүр. Басшылардың да күнде ертеңі бітпейді екен.
Самат Ералиев, құрылысшы:
-Күнде келеміз. Ақшасы қалмаған адамдарды жалдамалы пәтерлерінен қуып шыққан. Жейтін тамағы жоқ. Халық не істеуі керек аштан өлуі керек пе?
Гүлжанат Нұғыманова, құрылысшы:
- Жұмыс жүріп жатыр, ал ақша жоқ. Тегін істеп жүрміз. Бәрі жаяу келіп жатыр жұмысқа. Ешкімде ақша жоқ.
«МАГ» корпорациясы жыл басында атауын өзгертіп, «Тарлан» құрылыс компаниясы болып қайта құрылып жатыр екен. Құрылысшылар сол сәттен бастап айлық алудың мұңға айналғанын айтады. Тіпті жұмыстан шыққанда берілетін өтемақыдан да қағылған. Ал жарты жылдан бері зейнетақы қорларына ақша аударылмады - дейді жиналғандар.
Шахмардан Әмірбеков, бригадир:
- Барлығымызға арыз жазғызып, компенсация төлейміз деген. Оны да берген жоқ. Зейнетақы қорына ақша да төленбейді.
Алайда ашынған жұртқа басу айтатын бір адам шыққан жоқ. Сондықтан жұмысшылар бас кеңсеге баса көктеп кіруге мәжбүр болды. Бірақ басшылар бұрынғы әдетіне басып, уәдені тағы үйіп-төгіп жатыр. Қаржылық қиындықтарға тап болдық деген директор алдағы он күн ішінде бір айдың ақшасын болса да береміз деп сендіруде.
-Неге жұмысшыларды ойламайсыздар. Сіздер салқын жерде отырсыздар. Рахат!Қашан болады ақша?
Ербол Әбілдинов, «МАГ» корпорациясының бас директоры:
-В течение 10 дней будеть выплачено зп и погашена пенсионные отчисление все. Раньше я тоже не могу.
Бұл компанияда ақшасын ала алмай жүрген 500-ге тарта жұмысшы бар екен. Бірақ корпорация басшысы оларға қанша қаржы берешек екенін екенін білмейтін болып шықты. Есесіне сұрақ қойғандарға қабақ шытып, сес көрсетті.
Ербол Әбілдинов, «МАГ» корпорациясының бас директоры:
-Сейчас я не могу сказать. Зачем личные вопросы.
-Вы даже не знаете сколько вы задолжали рабочим?
-Вы не переворачивайте мои слова. Это надо поднимать в финблоке.
Екі ай бойы айлық бермегендердің енді он күнде ақша табылады дегеніне ешкімнің сенгісі жоқ. Сондықтан құрылысшылар қалалық прокуратура мен еңбек инспекциясына шағым түсірмекші.