ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин құтқарушылардың жұмысын бағалау үшін ШҚО-ға келді.
Ол Ертіс өзеніндегі жағдаймен танасып, ШҚО ТЖД қарамағындағы мекемелер мен құрылымдарды тексеріп, техниканың дайындығын бағалады
- Азаматтық қорғаныс қызметінің басты міндеті – адам өмірін сақтау. ТЖ қызметкерлері тұрғындарды уақытылы көшіріп, болуы мүмкін салдардың алдын алуға барынша күш жұмсады, - деп атап өтті Юрий Ильин.
Естеріңізге сала кетсек, облыс басшылығы қаладағы су басу жағдайын да әділ бағалады.
- Тұрғындар ойлағандай жағдай соншалық қиын емес. Бүгінгі таңда өзен жағасында заңсыз салынған 57 саяжай үйді су басқан, - деп мәлімдеді Дмитрий Гариков.
- Бұқтырма ГЭС-і нормалық деңгейі артқан кезде барлық су осы құрылыс орындарына сыятындай етіп салынған. ІІМ министрінің орынбасары Ертіс бассейні су шаруашылығының инспекциясына алдағы уақытта жағымсыз болжам анықталса, Ертіс өзенінде мұндай жағдай орын алмауын қадағалауды ескертті.
«Устинка-плюс» ақпараттық порталы