Таяуда Шымкент қаласы Бәйдiбек би даңғылының бойынан ауыл шаруашылығы өнiмдерi тиелген жүк автокөлiктерiнiң керуенi Алматы қаласына қарай жолға шыққан болатын. Дәстүрлі шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды. Осы сенбіде Алматыда Оңтүстiк Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы көрмесi өтіп, жергілікті тұрғындар сапалы өнімдерді нарықтағы бағадан 10-15 пайыз арзан бағада сатып алуға мүмкіндк жасалды. Күзгi жиын-терiм уақытында мол астық жинаған күнгедің диқандары осылайша алматылықтар мен астаналықтарға осылайша сый жасады. Нақты ацтар болсақ Оңтүстік Астанаға өңірден алпыс тонна ет, 106 тонна көкөнiс, жиырма тоғыз тонна жемiс-жидек, жеті тонна сүт өнiмдерi, бес тонна шұбат, жиырма бес мың дана жұмыртқа, қырық бес тонна бақша өнiмдерi, бес тонна балық, бес тонна кептiрiлген жемiс және он бес тонна басқа да өнiмдер жөнелтiлді. Облыстық ауыл шаруашылығы басқарамасы басшысының орынбасары Т.Оспановтың айтуынша, жәрмеңке Алматы қаласы мен Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң арасында түзiлген меморандумға сәйкес ұйымдастырылған. Басқарма өкiлi өз сөзiнде жәрмеңкеге сапалы, экологиялық жағынан табиғи таза 320 тонна ауыл шаруашылығы өнiмi жiберiлгенiн тiлге тиек еттi. Өнiмдердiң жалпы бағасы 125,7 миллион теңгенi құрайды. Айта кетейік, облыста Үдемелі индустриялды-инновациялы даму, "Агробизнес -2020" бағдарламалары арқасында агросалада инвестициялық салым ағымдағы жылдың сегіз айында 3,4 миллиард теңгеден асып, өткен жылдың тиiстi кезеңiмен салыстырғанда 1,2 миллиард теңгеге артқан.
Пікір қалдыру