Террористік қылмыс жасаған қазақстандықтар азаматтығынан айырылады

/uploads/thumbnail/20170716220802709_small.jpg

Дін істері және азаматтық қоғам министрі аса ауыр қылмыс жасағаны үшін азаматтықтан айыру мүмкіндігін қарастыратын заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы түсініктеме берді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Дін істері және азаматтық қоғам министрі Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дін мәселелері бойынша өткен семинар барысында Дін істері азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев «ҚР кейбір заңнамалық  актілеріне оларды ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға уақытылы қол қойғанын хабарлады. Оған сәйкес террористік және басқа да аса ауыр қылмыс жасаған қазақстандықтар азаматтығынан айрылады.

Бүгінгі таңда шетелде лаңкестер лагерінде Қазақстанның  500 азаматы бар. 

Қазіргі таңда Сирия-Ирак аймағында террористік топтар үшін жағдайдың қиындап жатқанын білеміз. Қылмыскерлер шегіну жолдарын, соның ішінде өздерінің бұрынғы тұрған жерлеріне қайту мүкіндіктерін іздестіруде. Алайда, бұл олардың қылмыстық пиғылдарынан бас тартқанын білдірмейді.

Сондықтан, қазақстандықтардың ішінен шыққан осындай адамдар қылмыстық тәжірибе жинақтап, елімізге арам ниет-оймен оралуы мүмкін. Осыған орай, жаңа толықтыруларда азаматтықтан айыру мүмкіндігі қарастырылуда.

«Мәселе терроризм актілерін, террористік топтарды құру және басқару және оның қызметіне қатысу, сондай-ақ  республикамыздың ұлттық және өмірлік маңызы бар мүдделеріне аса ауыр зиян келтіру туралы болып отыр. Сот істің мән-жайын, жасаған әрекетінің ауырлығын, келтірген зардаптарын толық зерделеу негізінде ерекше жағдайларда ғана азаматтығынан айырады» - деп нақтылады министр. 

Туған жерін тастап, шетелге террористік құрылымдарға қатысуға кеткен адамдар Отанына опасыздық жасағандарға теңеледі.

Шолушы: Әсем Әлмұханбет

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар