Лондонда жасөспірім қала тұрғындарына қышқыл шашып шабуылдаған

/uploads/thumbnail/20170716220806748_small.jpg

Лондон полициясы жергілікті қала тұрғындарына қышқыл шашып шабулы жасаған жеткіншекті ұстады. Жеткіншектің қолынан зардап шеккен бір адам ауруханада ауыр халде жатыр. Бұл туралы  Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуылдар 13 шілде күні кешке жақын Хэкни, Стоук Ньюингтон, Ислингтон аудандарында болып өткен. Екі  мопедтегі жеткіншек жаяу  жүргіншілерге қышқыл шашып, оларды тонаған.

Шабуылдаушы бір жеткіншек ұсталып, жазаға тартылды.  Полиция оның сыбайласын іздестіруде.

Соңғы уақыттары қышқылмен шабуылдау Лондон көшелерінде жиі орын алуда. 2015 жылы 261 қышқылмен шабуыл тіркелген. 2017 жыл басталғалы бері 119 жағдай орын алған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар