Астанада "Highvill" тұрғын үй кешені өртеніп 4 адам қаза тапты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап. 4 адамның газдан тұншығып қаза тапқанын ҚР ІІМ-нің ТЖ бойынша Комитетінің өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Оның сөзіне қарағанда 24 қабатты тұрғын үйдің 9-қабаты өртке оранған. 65 м2 аумақ, техника мен жихаз өртенген. Газдан тұншығып қаза тапқан 4 адамның екеуі бала. Өрттің орын алу себебі анықталуда.
Пікір қалдыру