EXPO-2017 шеңберінде шетел әуекомпанияларының Астана рейсіне рұқсат берілді

/uploads/thumbnail/20170721122623673_small.jpg

Дәл қазіргі уақытта Қазақстан 25 мемлекетпен (шамамен 96 халықаралық бағыт бойынша) әуе байланыс орнатқан. Оның ішінде ТМД (54 бағыт), Таяу Шығыс (15), Оңтүстік Шығыс Азия (15) және Еуроодақ (12) елдерімен байланыстырылған.
2016 жылы қазақстандық және шетел әуе компанияларымен 13 жаңа халықаралық бағыт ашылды: Алматы – Сиань/Шарм-Эль-Шейх (маусымдық)/ Тегеран/Самара; Астана – Амстердам, Ақтау – Батуми (маусымдық)/Сочи (маусымдық), Шымкент – Стамбұл/Худжанд, Қарағанды – Стамбұл, Тараз – Нижневартовск/Сургут/Худжанд.
________________
EXPO-2017 көрмесі шеңберінде барлық шетел әуе компанияларына Астана қаласына аптасына күнделікті (аптасына 7 рейс) рейстерді орындауға құқық берілді.
Осыған байланысты жыл басынан келесі 8 жаңа бағыт ашылды:
1) Астана – Хельсинки (Finn Air), аптасына 2 рейс,
2) Астана – Варшава (LOT Polish Airlines), аптасына 4 рейс,
3) Астана – Батуми (Georgian Airways), аптасына 1 рейс;
4) Астана – Будапешт (Wizz air), аптасына 2 рейс,
5) Астана – Бейжің (Air China), аптасына 3 рейс,
6) Астана – Киев (Эйр Астана), аптасына 5 рейс,
7) Астана – Минеральные воды (SCAT), аптасына 2 рейс,
8) Астана – Ереван (SCAT), аптасына 2 рейс,
9) Астана – Дели (Эйр Астана) аптасына 3 рейс.
Сондай-ақ, 2018 жылы – Токиоға, 2019 жылы – Сингапурға, Шанхайға, 2020 жылы – Нью-Йоркке әуе қатынастарын ашу жоспарлануда.

Айта кетсек, Қазақстанның халықаралық транзиттік хабқа айналуы маңызды қадамдардың бірі. Жаңа халықаралық рейс Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020 жылға дейін еліміз арқылы өтетін транзиттік жолаушылар ағынын 4 есеге дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылып отыр. 
Соңғы 7 жылда транзиттік әуе жолаушылар ағыны 20 есеге артты. Перспективалы бағыттардың бірі Үндістаннан Қазақстан арқылы ТМД елдеріне бағытталған транзиттік жолаушылар маршруты.

Қатысты Мақалалар