Хаиров Швейцария Ұлттық банкінің президенті Томас Йордан мырзамен кездесті

/uploads/thumbnail/20170721124551164_small.jpg

ҚР Инвестициялар және даму вице-министріЕрлан Хаиров Швейцария Ұлттық банкінің президенті Томас Йордан мырзамен кездесті.

Кездесу барысында «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламасы аясында екіжақты іс-қимыл мәселелері, сауда-экономикалық серіктестік, сонымен қатар, инвестициялық ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Кездесуде айтылғандай, 2016 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналым 2,8 млрд. АҚШ долларын құрады (0,3%-ға артты). Екі жақ тарап та алдағы уақытта өзара экспортты ілгерілету мен тікелей бизнес өкілдері арасындағы байланысты қамтамасыз ету арқылы тауар айналымды арттыруға мүдделі.

Анықтама.

2005 - 2016 жылдары Швейцариядан Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестицияның жалпы ағыны 16 млрд. АҚШ долларын құрады. 2017 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда швейцариялықтардың қатысуымен 443 заңды тұлға, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген. Қазіргі уақытта олардың 325-і жұмыс істейді.

Қатысты Мақалалар