«Балқаш – Бурылбайтал» жолы учаскесіне реконструкция жасалады

/uploads/thumbnail/20170721132408250_small.jpg

«Балқаш - Бурылбайтал» учаскесін реконструкциялау жобасының қауіпсіздік аудиті 4 жұлдызды баға ие болды.

ҚР ИДМ қазіргі уақытта республикалық маңызы бар «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» автомобиль жолының 1855-2152 км «Балқаш – Бурылбайтал» ұзындығы 297 км учаскесін реконструкциялау жобасын іске асыру үшін Дүниежүзілік банктің қаражатын тарту бойынша жұмыстар жүргізуде. Автомобиль жолының учаскесін 4 қозғалыс жолақтарымен I-б техникалық санатқа ауыстыру жоспарлануда.
«Балқаш – Бурылбайтал» автомобиль жолының учаскесін реконструкциялау жобасында өткізілген қауіпсіздік аудитінің нәтижесі бойынша ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сәтжан Аблалиев Дүниежүзілік банктің халықаралық кеңесшісі Люк Роджерспен кездесті.
Кездесуге ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, «Қазақавтожол» РМК, «ҚазИнСт» РМК, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС өкілдері және жобалардың авторлары шақырылды.

Қатысты Мақалалар