Германия билігі ауғандық босқындарды елден шығарудан бас тартты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. СІМ мен ІІМ Ауғанстандағы қауіпсіздік мәселесін қайта қарап, оны «қауіпсіз» мемлекеттер тізімінен шығарды.
Германия үкіметі бүгінгі күнге дейін Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайын қалыпты деп санап келді. Одан бөлек қауіпсіз мемлекеттердің тізіміне Албания, Македония, Черногор, Сербия елдері кірді. Осы елдердің босқындарын отандарына қайтаратын.
Бұдан бұрын Германия билігі 10 мың ауғандық мигранттарды депортациялауды жоспарлаған. Мұндай шешім өткен жылдың қарашасында қабылданған. Кабул еліндегі мамырда болған терактіден 80-ге жуық адам зардап шеккен еді. Сөйтіп, Ауғанстандағы қауіпсіздік жағдайы қайта қаралды.
2016 жылы Германия Ауғанстанға 27 босқынды қайтарды, 2015 жылы тоғызын ғана қайтарған. Бүгінде Германия шекарасында 250 мыңға жуық ауғандықтар жүр.
Пікір қалдыру