Астанада Санкт-Петербор апталығы аясында Елорда әкімі Әсет Исекешев пен Санкт-Петербордың вице-губернаторы Сергей Мовчанның кездесуі өтті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында екі қала ынтымақстасытығының келешегі талқыланды.
Сергей Мовчан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ұйымдастырылу жұмыстарын жоғары бағалады. «Біз болашақта әлі талай халықаралық экономикалық форумдар өткіземіз. Бұның астарында үлкен күш пен жігер жатыр. Халықтың санын жинау үшін қауіпсіздік мәселесі де маңызды. Соған байланысты «ақылды» және «қауіпсіз» қаланың дамуы жөнінде айтуға болады», - деді ресейлік қонақ.
Келіссөз барысында Астана әкімінің орынбасары Андрей Лукин мен Сергей Мовчан 2017-2021 жылдар аралығындағы серіктесітк жайында құжатқа қол қойды. Құжатқа сәйкес, екі ел арасындағы экономикалық сауда, ғылыми техника, мәдени және гуманитарлы серіктестік бағдарламалары қарастырылған.
Ресейдегі Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды түрде дамып келеді. Санкт-Петербор қаласында «Астана» Еуразиялық іскерлік серіктестік орталығы бой көтермек. Орталық екі қала кәсіпкерлері арасындағы байланысты жақындата түседі.
Пікір қалдыру