Гонконг билігі экологиялық апатпен күресіп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 1tv.ru-ға cілтеме беріп. Өткен аптада мұнда екі кеме соғысып, салдарынан Чжуцзян өзеніне мың тонна пальма майы төгілген болатын. Соның кесірінен балықтар жаппай қырылып жатыр.
Осы ретте жергілікті билік 13 жағажайды жауып тастады. Қазір мұнда тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Оған еріктілер тобы жұмылдырылған. Бұл жағдай жергілікті тұрғындар мен экологтардың наразылығын туғызып отыр. Өйткені ресми Бейжің болған апат жайлы Гонконг басшылығына тек 2 күн өткеннен кейін ғана хабарлаған екен.
Пальма майы 33 градуста ериді. Ал мұндай ауа температурасында оны тазалау да қиындық тудырып отыр.
Пікір қалдыру