Пентагон басшысы КХДР-ға халқын қырып тастаймын деп ескерту жасады. «КХДР ядролық бағдарламаны жауып, өз халқының қырылуына алып баратын қадамнан бас тартуы керек», - деп мәлімдеді Пентагон басшысы Джеймс Мэттис, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Риа новости сайтына сілтеме жасап.
Мэттис Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға БҰҰ Қауіпсіздік қызметі мен мемлекеттің «Пхеньян жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп тұр» деген хабарламасын назарға алу қажет екендігін жеткізді.
«КХДР өз-өзін оқшаулауын доғарып, ядролық қарудан бас тартуы қажет. Солтүстік Корея өзінің режимінің аяқталуы мен халқының қырылуына алып келетін кез келген іс-қимылын тоқтату керек», –дейді Пентагон басшысы.
Сонымен қатар, Солтүстік Корея өзі бастаған кез келген қақтығыста жеңіліске жететіндігін сеніммен айтып отыр.
«Қазіргі таңда АҚШ-тың әскери күштері өте мықты, оқытылған және де сенімді қауіпсіздік қызметі болып табылады», – дейді ол.
Естеріңізге сала кетсек, АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға АҚШ-қа қандай да бір қауіп төндірер болса, қатты ашумен және отты шабуылмен жауап беретіндігін айтып ескерткен болатын. Кейіннен Ренхап агенттігі Солтүстік Корея әскерлері Тынық мұхитының батысында орналасқан Гуам аралындағы АҚШ әскери базасына соққы жасауға дайындық жүргізіп жатқандығын хабарлаған еді.
Өткен сенбіде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі КХДР-ға қарсы санкцияларды қатаңдату жөнінде шешім қабылдады. Санкция авторы болып табылатын АҚШ-тың есебінше, санкцияны Пхеньянға келетін жылдық қаржы көлемін 3 миллиард доллардан 1 миллиард долларға дейін қысқартады. Сонымен қатар, Вашингтон Солтүстік Кореяның режимін өзгерту қаулысына өзгеріс енгізуден бас тартты.
Пікір қалдыру