Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлім еткендей, Баткен облысының соты ДАИШ халықаралық террористік ұйымының құрамында болған үш қырғызстандық азаматты ұзақ мерзімге түрмеге қамады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Сот оларды «тонау», «жалшылық», «заңсыз сатып алу, беру, тасылмалдау, сату», «мемлекеттік шекараларды заңсыз кесіп өту», «жалған құжаттарды пайдалану», «соғысқа шақыру» істері бойынша айыпты деп таныды. Айыптылар 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, жеке мүліктері тәркіленді және күшейтілген режимдегі колонияға қамалды.
Қырғызстан МҰҚК хабарлағандай, жазаға кесілгендер Сирия мен Ирак елдерінде әскери дайындыққа қатысқан және террористік актілерді орындау үшін Қырғызстанға жіберілген.