Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа-райы болжамын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Казгидрометке сілтеме жасай отырып.
Синоптиктердің мәліметінше, елімізде алдағы күндері ауа температурасы төмендейді.
Биіктік барометрлік ойпаттар Таймыр аудандарынан Қазақстанға ылғалды және салқын ауа алып келеді. Осының әсерінен республиканың көптеген бөліктерінде ауа температурасы төмендейді, сондай-ақ кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, кейбір аудандарда тұман, бұршақ және екпінді жел болуы мүмкін. Температуралық фон солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда түнде 2-12 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 15-25 тен 20-30 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 12 тамызда жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, жел екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Сондай-ақ, Өскемен қаласы бойынша 12 тамызда түнде жел 15-20 м/с-қа күшейетіні айтылады. Ал 12 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, жел болуы мүмкін.