АҚШ-тың стратегиялық кеңесшісі Стивен Бэннон сәрсенбі күні Американың Қытаймен экномикалық соғыс жүргізіп жатқанын мәлімдеген. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп хабарлайды.
«Біз Қытаймен экономикалық соғыс жағдайында тұрмыз. Олар өздерінің әрекеттерін ашық айтудан қымсынбайды. Алдағы 25-30 жылдықта екі елдің бірі лидер болады. Егер біз осы жолда тұрып қалсақ, жолды соларға беруге тура келеді»-деді Бэннон American Prospect басылымына берген сұхбатында.
Сонымен бірге Трамп кеңесшісі ҚХДР мен қақтығыс мәселесі жөнінде ешқандай әскери шешімнің болуы мүмкін емес екенін жеткізді.