2017 жылдың соңына дейін пилоттық жобаны іске қосу жоспарланған, оның аясында электронды форматта ПИК шығындары қадағаланады. Бұл жайында ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүйенің басты мақсаты – шығындарды бекіту, қаражаттарды жұмсау мәселелерінде ПИК қызметінің ашықтығын, айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқарушы ПИК таңдауды әлдеқайда ашық ету.
«Қазір біз ақпарат және коммуникациялар министрлігімен, «Зерде» компаниясымен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Бұл өте маңызды мәселе. Жыл соңына қарай жоба пилоттық режимде іске қосылады», — деді Мархабат Жайымбетов.
Ұйымдастырушылар электронды платформаны іске қосқаннан кейін ПИК жұмысы реттеледі және КСК жұмысы мен тұрғын үй қатынастарының көп жылдық мәселелері шешіледі деп сенеді.