Мұсылмандарды жек көретін сенатор парламент отырысына паранджа киіп келген

/uploads/thumbnail/20170817173456329_small.jpg

Австралияда  «Бір ұлт» партиясының лидері сенатор Полин Хансон парламент отырысына паранджамен келген. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі  BBC News-ке сілтеме беріп хабарлайды.

Мұндай әрекетпен партия лидері басқа депутаттарды хиждаб, паранджа -діни атрибуттарды қоғамдық жере киюге тыйым салуды қолдауға шақырмақ болған. Елдің бас прокуроры Джордж Брандис Хансонның бұл қылығын кінәлап, мұндай әрекет Австралияда тұратын 500 мың мұсылманды өкпелетіп алуы мүмкін екенін ескертті.

«Оларды шеттету мен қоғамнан бөлектету, киімдеріне бола сынып-мінеу - жеркенішті нәрсе. Жасаған қылығыңыз жөнінде  жақсылап ойланғаныңыз абзал. Жоқ, сенатор Хансон, біз паранджаны киюге тыйым салмаймыз»-деді Брандис.

Айта кетейік, Хансон 1996 жылы парламент депутаты болып сайланып, сол уақыттан бері әр түрлі жанжалды жағдайларға тап болған.

Қатысты Мақалалар