Испаниядағы теракт: куәгерлер көзімен (видео)

/uploads/thumbnail/20170818083610540_small.jpg

Барселонадағы лаңкестік әрекетті атышулы «Ирак пен Левант лаңкестік тобы» мойнына алды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Рейтер» агенттігінің мәліметіне сүйеніп хабарлайды.

Кеше қаланың орталығында шағын автобусты тізгіндеген ер адам көшедегі адамдарды қаққан. Соңғы мәлімет бойынша, 13 адам ажал құшып, 100-ден астамы жараланған. 15 науқастың жағдайы ауыр. Қаза болғандар мен жапа шеккендер арасында 18 елдің азаматы бар. Қастандыққа қатысты 1 күдіктінің көзі жойылып, екеуі қамауға алынғаны белгілі. Ал Испанияда 3 күндік аза тұту жарияланған. Жергілікті билік мұны соңғы 13 жылда жасалған ең қанды қырғын деп атады. Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарын лаңкестік болған аумаққа жоламауды ескертті.

Барселонаның туристік орталығындағы оқиғадан қаза болғандар мен жапа шеккендер арасында Австралия, Аргентина, Алжир, Бельгия, Венесуэла, Венгрия, Германия, Греция, Франция, Испания, Италия, Қытай, Куба, Македония, Нидерланд, Перу, Румыния және Солтүстік Ирландия азаматтары бар. Испания премьер-министрі Мариано Рахой террорлық әрекетке байланысты елде 3 күндік аза тұтуды жариялады.

Теракт нәтижесінде полициямен екі адам ұсталды. Қазіргі уақытта басты күдікті- Дрис Укабир Сопрано. Осы ер адамның құжаттары адамдарды қаққан көліктің ішінен табылған. Алайда күдікті полиция бөлімшесіне өз еркімен келіп құжаттарының жоғалғанын мәлімдеген. 

Қазіргі уақытта полициямен тергеу әрекеттері жүргізілуде.





Қатысты Мақалалар