Жапон павильонына келушілер саны 500 мыңнан асты

/uploads/thumbnail/20170818105028399_small.jpg

Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі Жапон павильонына келушілер саны 16 тамыз күні 500 000-нан асты. Көрме ашылуының алғашқы күндерінде келушілер саны шамамен 6000-ға жеткен Жапон павильонының тамыз айы басталғалы, келушілердің орта саны 8000-ға шақ келді. Әр түрлі елдердің саяси және бизнес әлемінің саңлақтары, кішіден бастап үлкенге дейін Қазақстан тұрғындарымен бірге әлемнің түпкір-түкпірінен де көптеген қонақтар келіп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жапон павильонының 500 000-шы келушісі Қостанай облысы, Рудный қаласынан келген Амангараев Нұрым және оның отбасы болды. Амангараев Нұрым павильонды көргеннен кейін, келесідей өз әсерімен бөлісті: «ЭКСПО көрмесін көру үшін түнгі пойызбен келдік. Жапон павильонына осындай ерекше сәтте келгенімізге өте қуаныштымыз. Жапон павильоны жайында айтатын болсам, ойлағанымыздай Жапония шынымен жоғары технологияларға бай ел екеніне көзіміз жетті».

Жапон павильонына келушілер саны 500 000-нан асып, Жапон павильонының директоры Щибамото Хидэкадзу келесідей сөз сөйледі: «Жапонияның танымал жоғары технологиялары туралы ғана емес, жапондардың қоршаған ортаға деген қамқорлығы және табиғаты мен мәдениеті жайында барынша көптеген адамдар білсе екен деген ойдамыз».

Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі 2017 жылы 10 маусым (сенбі) мен 10 қыркүйек (жексенбі) аралығында 93 күн Астанада өтеді. 115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым аталмыш көрменің тақырыбын ашатын «Болашақ энергиясы» мен мәдениетін таныстыратын экспозицияларын ұсынып жатыр. Астана ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне толығымен 2 млн. 265 мың адам келді (14 тамыз «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы мәліметіне сәйкес).

Жапон павильонында «Smart Mix with Technology» тақырыбы негізге алына отырып, Жапония технологиялық күшімен бүкіләлемдік проблемаларды шешу үшін өз үлесін қоспақшы. Сонымен қатар, 2025 жылғы Халықаралық көрме өткізілу орнына кандидат Осака қаласы жан-жақты таныстырылып жатыр.

Кең экранды мониторда көрсетілетін бейне мен смартфон қосымшасымен байланысқан интерактивті қойылым мен көрсетілімі, өзге ел павильондары өз көрме мазмұнын орыс тілінде таныстырып жатқанда қазақ тілін негізгі тіл ретінде көрмені таныстырған Жапон павильоны көптеген келушілердің жоғарғы бағасына ие болып отыр.

Қатысты Мақалалар