Өзбекстан президентінің командасы алғашқы қыз баламен толықты

/uploads/thumbnail/20170913104900226_small.jpg

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің жаңа командасының құрамына алғаш рет қыз қосылды. Бұл туралы мемлекеттің халықаралық білім министрінің ең жас орынбасары Әлішер Садуллаев хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, мемлекет басшылығының жаңа өкілі Өзбек мемлекеттік әлем тілдері университетінің түлегі Гавхар Сагдуллаева. Ол халықаралық білім беру министрлігінің жастармен жұмыс істейтін Басқарма инспекторы болып тағайындалды.

«Жағымды жаңалық! Президент командасында алғашқы қыз пайда болды. Халықаралық білім беру министрлігінде жастармен жұмыс істеу Басқармасы ашылатынын бұған дейін де айтқанмын. Министр орынбасары болып тағайындалған күннен бастап-ақ менің басты мақсатым елдің дамуына үлес қоса алатын көшбасшылар командасын жинау болды. Дәл қазір Өзбекстан президенті командасының жаңа мүшесімен таныстыруға рұқсат етіңіздер», –  деді Садуллаев Гавхар Сагдуллаеваны таныстыру брысында.

Сондай-ақ Садуллаев қыз балалардың біліктілігіне көңіл бөліп, араларынан таланттыларын инновациялық және білім беру жобаларына араластыруға мүмкіндік беру керек екенін ескертті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар