Танымал кәсіпкер Павел Дуров халыққа 7 нәрседен аулақ болуды айтты

/uploads/thumbnail/20171010143002520_small.jpg

«ВКонтакте» және  Telegram мессенджерінің негізін салушы Павел Дуров 33-ке келген туған күнінде «ВКонтакте» парақшасына бұдан біраз жыл бұрын өзі бас тартқан 7 нәрседен аулақ болуды» сұрады,-деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ол тізім:

  • Алкоголь ішімдіктері
  • Жануарлар еті
  • Кез келген фармацевтика өнімдері
  • Никотин және басқа да нарко өнімдер
  • Кофе, энергетикалық сусындар, қара және көк шай
  • Тез арада дайын болатын тағамдар (Фаст-фуд), қант және газдалған сусындар
  • Теледидар және оның аналогтары

«Бір күні мен осы заттардың әрқайсысынан неліктен бас тартқанымды жеке-жеке тоқталып түсіндіріп беремін» деді ол. «Қысқаша айтқанда олар адам баласының санасына әсер етіп, оларға тәуелді болып қалуға бейімдейді. Біз өз өмірімізді басқа құндылықтар арқылы қалыптастыра аламыз, мәселен, шығармашылық, өзін-өзі дамыту және еңбекқорлық» деді ол.

Қатысты Мақалалар