«ТС 2012» астероиды жақын арада жермен минималды қашықтықта жақындайды,-деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. «Бұл астероид жерге бағытталып ұшып келеді» деді ғалымдар.
Олардың айтуынша, 2017 жылы 12 қазанда жерде ақырзаман орнайды. Өйткені осы бейсенбіде ТС астероиды жерге өте жақын және қауіпті қашықтыққа дейін жақын келеді. Дегенмен, NASA ғалымдары жер тұрғындарын қатты уайымға салынбауға шақырады, себебі, астероид тек астрономиялық көзқараспен алғанда ғана қауіпті. Ал нақты түрде ол қауіпті емес, осыдан бес жыл бұрын да астероид жерге жақын қашықтықта ұшып өткен болатын. 2017 жылы 12 қазанда ТС астеройды жерге шамамен 50 мың шақырымға дейін жақын келеді. Оны елестету үшін жер мен айдың ара қашықтығын алайық, ол аралық 380 000 шақырымды құрайды. Аспан денесі жерге өте жақын қашықтықта жанамалап өткелі тұр, бұл жағдайда астрономдар оны жақсырақ зерттеуге мүмкіндік алады.
Ғалымдар DART кемесін әуеге жіберіп көрмекші, ол бір соқтығыспен астеройдтың бағытын ауыстырып жібере алады. Мұндай тәжірибе 2022 жылға жоспарланған болатын.