Путин Назарбаевты жеке шақырып, сөйлесті (фото, видео)

/uploads/thumbnail/20171012085335336_small.jpg

Ресей Президенті Владимир Путин Еуропалық экономикалық  одақ отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа келіп, онымен жекеше сөйлесті. Осы сәтте түсірілген бейнежазба Instagram, Facebook  сынды әлеуметтік желілерде жүр.

Дегенмен, ол бейнетаспада Путиннің Назарбаевқа не деп жатқандығы белгісіз. Бұл таспаны өзінің Facebook парақшасына жүктеген Михаил Вознюк атты қолданушы «Бұдан қорқу керек пе, қуану керек пе білмеймін» деп жазды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме бере отырып хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Сочиде ТМД елдерінің ЕЭО Жоғарғы кеңесінің кездесуі болып жатқан. Тәуелсіз елдер достастығына: Қазақстан, Ресей, Беларусия, Армения және Қырғызстан елдері  кіреді.

tengrinews.kz

Аталмыш кездесуде Нұрсұлтан Әбішұлы ТМД елдерінің еркін сауда жасау жұмыстарын іске қосу туралы айтты. «ТМД елдері арасындағы еркін сауда қатынасы біздің кәсіпкерлерге тиімді сауда-экономикалық қарым-қатынас жасауға септігін тигізіп, серіктес елдердің экономикасын жаңа деңгейге көтереді. Еркін сауда қатынасын тез арада іске-асыруды ұсынамын», - деді Назарбаев.

Қатысты Мақалалар