Краснозер ауданы «Новосибирск-Павлодар» трассасында 21 жастағы көлік жүргізушісін жүк көлігі соғып, соның салдарынана адам өлімі орын алған, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі жергілікті БАҚ-тың мәліметіне сүйеніп.
Новосибирск облысы ІІМ басқармасының хабарлауынша, 10 қазанда таңға жуық Mitsubishi Canter көлігін басқарған 34 жастағы Карасук тұрғыны «Новосибирск-Павлодар» трассасы бойымен қозғалып келеді. 5:40-та 279 шақырымда жолдың оң жақ бөлігінде тұрақта тұрған DAF жүк көлігіне барып соқтығысады. 21 жастағы жүк күлігінің жүргізушісі сол уақытта көлік доңғалақтарын ауыстырумен айналысып жатқан.
Апат салдарынан жүкі көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ оның Қазақстан азаматы екені анықталды. Қазіргі уақытта апатқа байланысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.