ОҚО-да 16 жастағы жасөспірім мақта теру науқанында қаза тапты

/uploads/thumbnail/20171012135411631_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта жинау науқанында 16 жастағы жас жігіт қаза болды,- деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Қайғылы жағдай Ордабасы ауданы Төрткүл елді-мекенінде 10 қазанда болған. Ол бір топ жұмысшылармен мақта теруге кеткен.

Жұмыс уақытынан бірнеше сағат өткен кезде мақта тығыздалған арбаның үстіне мініп, аздап ұйықтап алуды шешкен.

Осы уақытта өзге диқандар мақта толы жүктерді арбаның үстіне лақтыра бастаған. Олар көліктің ішінде ұйықтап қалған жас өспірімді байқамай, жұмыстарын ары қарай жалғастыра береді. Сол себепті жігіт тұншығып өлген.

Баланың денесі арбаның түбінен бірнеше сағат өткеннен кейін ғана табылған.

Қатысты Мақалалар