Apple корпорациясы майысатын iPhone шығаруға кірісіп кетті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме беріп.
Осыған байланысты LG Display арнайы iPhone моделі үшін майысатын OLED-экранды шығаруға арнайы топ құрды.
Samsung майысатын смартфондарды шығаруды келесі жылға жоспарлап отыр. Ал Apple мұндай иілгіш экранды тек 2020 жылға қарай шығармақ.
Қазіргі уақытта Samsung жаңа iPhone X үшін OLED экрандарын тасымалдаушы болып отыр. Samsung-ке тәуелді болып қалмас үшін Apple LG компаниясымен осындай экрандар шығаруға байланысты серіктестік орнатып жатыр.